BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Атырау облыстық әкімдігі Қалмақ Республикасы Үкіметімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы ХV өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында Атырау облыстық әкімдігі мен Қалмақ Республикасы Үкіметі арасында серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.

Атырау облысы тарапынан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Қалмақ Республикасы Үкіметі тарапынан Республика басшысы Алексей Орлов келісімге қол қойды. Келісім сауда-экономикалық байланыстарды орнату үшін екіжақты қарым-қатынасты дамытып, жағдай жасауға бағытталған.

"Туризм саласында өңіраралық ынтымақтастық бастамаларды қолдауға, туристік ресурстарды тиімді пайдалануға, әр аймақтағы табиғи, мәдени мұраларды насихаттауға бағытталады", - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.

Петропавлда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық форумы басталғанын хабарлағанбыз.

Атырау облысының делегациясы Петропавлда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысып жатыр.

Делегация құрамында өңірдің кәсіпкерлері, туристік фирмалардың, жергілікті тауар өндірушілердің, "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бар.

Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейден екі мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастықтың ХV форумы аясында туризмнің түрлі саласын қамтитын 17 меморандумға қол қойылды.

Форум аясында Қазақстан мен Ресей туристік көрмесі өтті.

Бірнеше күн бойы жалғасатын шараға Қазақстанның барлық өңірі мен Ресейдің 10 облысынан 40 экспонент қатысуда. Екі жылда Қазақстанға Ресейден келетін туристер саны екі есе артқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, екі елдің өнер ұжымдары қатысқан «Достық көпірі» атты гала-концерт өтті. Солтүстік Қазақстан, Омбы, Қорған, Түмен облыстарының ұжымдары мен жеке орындаушылары халық алдында 3 сағат бойы өнер көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2018, 14:06
Хиджама туралы
Пікірлер