BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 359 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.1 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Астанада Сирия мәселесі бойынша тоғызыншы келіссөз өтеді

Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана процесінің тоғызыншы кезеңі басталады. Осыған орай Астанаға Ресей мен Иранның және Түркияның өкілдері келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, Ресей делегациясын Сириядағы мәселелер жөніндегі ел президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаса, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал да өз елінің атынан сөйлеуге келген. Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Хосейн Ансариға сенім артыпты.

Келіссөзге келгендер Сирияның төрт аймағындағы яғни Шығыс Гута, Хомса, Идлиб және елдің оңтүстігіндегі жағдайға қатысты ой бөлісіп, пікір айтады. Сенімнің нығаюы, гуманитарлық көмек жөнінде де әңгіме өрбиді деген болжам бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер