BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада халықаралық көлдерді пайдалану жөнінде құжаттар қабылданады

Елордада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау жəне пайдалану туралы Конвенция тараптары кеңесінің 8-ші сессиясы өтеді. Шара 10-12 қазанда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, тараптар кеңесінде бірқатар шешімдер мен құжаттар, оның ішінде Конвенцияның болашақ жұмысын айқындайтын екі негізгі құжат – «Конвенцияны жаһандық деңгейде жүзеге асыру стратегиясы» жəне «2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысының бағдарламасы» қабылданады.

«Бағдарламаның алдына қойылып отырған мақсаттардың бірі - Конвенцияны қолдап, оған бұдан да көп мемлекеттерді қосуға іс-əрекет жасау. Бұл бір. Екіншіден, осы Конвенция жұмысы туралы мемлекеттерге ақпараттың жетуін қамтамасыз ету. Себебі, жасалып жатқан жұмыс қыруар, бұл жайлы белгілі болу керек. Үшіншіден, су бассейндері бар мемлекеттердің өздерінің біріккен жұмыстарында əртүрлі саланың мүддесін ескере отырып, сектораралық жұмыстар жүргізу. Мысалы, əр мемлекетте ауыл шаруашылығы ғана емес, өндіріс те, ауыз су да болады. Соның бəрін бір жүйеге келтіру қажет. Осылайша, екі мемлекеттің болмаса көп мемлекеттің қарым - қатынасын реттеу көзделіп отыр. Конвенция - бұл құқықтық акт» - деді Нысанбаев ОКҚ брифингі барысында.

Биылғы сессияға алғаш рет 500-ден астам сарапшы, БҰҰ-ға мүше 90-ға жуық елдің министрлері, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ғылыми топтар қатыспақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер