BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Алматы әкімдігі қала əкімінің ауысқанын жоққа шығарды

Алматы әкімдігі қала басшысының ауысқаны туралы әлеуметтік желіде тараған қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатырмыз», - деді Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Тимур Базарбаев.

Бүгін әлеуметтік желіде Алматы әкімі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды деген жалған ақпарат тарады.

Еске сала кетсек, 15 желтоқсан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер