BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Анкарада қазақ-түрік бизнес форумы өтті

Анкарада екі елдің ресми тұлғаларының және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға химия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, машина жасау, логистика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және тағы басқа да салаларды таныстырған 200-ден астам Түркия мен Қазақстан компанияларының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы және әлеуетті бағыттары бойынша өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

«Бүгінгі кездесу – бұл екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілік пен ұмтылыстың тағы бір дәлелі», - деді бизнес-форумның ашылуында сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы құны 4,3 млрд. АҚШ долларын құрайтын шамамен 71 Қазақстан-Түркия инвестициялық жобалары бар, деп атап өтті Асқар Мамин.

Қазақстан-Түркия бизнес-форумы Қазақстан мен Түркияның іскер топтары арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға, екі елдің компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ серіктестерді іздеуге бағытталған.

Бизнес-форумның қорытындысы бойынша химия, тау-кен және металлургия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергиясы, жаңартылған энергия көздері сияқты салалар бойынша жалпы сомасы 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 22 құжатқа қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер