BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматының бірнеше ауруханасында басшылар ауысты

Алматыдағы бірнеше аурухананың басшылары ауысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Аманғосұлы Ізмағамбетов Алматы онкологиялық орталығының жаңа жетекшісі болып тағайындалды. Бұған дейін қалалық онкодиспансерді Дамир Дәулетбаев басқарған.

Сонымен қатар, Қалқамандағы (№7МКА) клиникалық аурухананың бас дәрігері ауысты. Аурухананың бас дәрігері лауазымына Манас Ембергенұлы Рамазанов тағайындалды.

Сондай-ақ, қалалық Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының жетекшісі өзгерді. Жұмыстан кеткен Эльмира Жақашеваның орнына Ғани Бодықов келді. Бұрын ол Алматыдағы №5 перзентхананы басқарған.

Перзнетхана әкімшілігі хабарлағандай, қазір Жанар Амантайқызы Мұхаметжанова уақытша директордың міндетін атқарушы болды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың соңында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Серікбол Мусинов тағайындалған болатын. Ол бұл қызметіне дейін «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер