BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Алматыда ТМД жастарының форумы өтіп жатыр

Екі күнге жоспарланған шараның бірінші күні Қазақстан-Ресей жастар ынтымақтастығы күніне арналып, тараптар жастар саясатын жүзеге асырудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

ҚР ҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов мұндай жиындар жастардың тиімді бастамалары мен шығармашылығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатынын жеткізді.

«Форумға жалпы 306 адам қатысып отыр. Әр мемлекет шамасы келгенше делегаттарды жіберді. Бүгін жақсы пікір алмасу болады деген ойдамын. Осының арқасында ТМД жастарын әлеуметтік және жастар саясатында жаңа бастамалар мен тың жобаларды іске асыруда біріктіруге болады. Сонымен қатар, мұндай жиындар тәжірибе алмасуда өз септігін тигізеді. Шара барысында «Жастар бизнесі» атты жеке отырыс болады, онда танымал кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөліседі», - дейді ол.

Форум аясында Қазақстан жастарының конгресі, Жастардың іскерлік кеңесі Ресей федерациясының Жастар үкіметтері қауымдастығымен және Татарстан Республикасының жастар үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Заманауи туризмнің трендтері», «Волонтерлік өмір салты бейнесі», «Жастар және бизнес», «Ақпарат ағымындағы жастар» тақырыптары бойынша сұхбат алаңдары өтуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер