BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

Астана, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ресей Федерациясының Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен тенденциялары» XV халықаралық ынтымақтастық форумы барысында меморандумға қол қойды.

Ақтөбе облысының Ресей федерациясымен арадағы ішкі тауарайналымы 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары ішінде 804,3 мың АҚШ долларын, соның ішінде экспорт – 373мың АҚШ долларынқұрады. Экспорттың негізгі үлесі хром, мыс және мырыш рудалары мен концентраттарына, мұнай өнімдеріне тиесілі. Сондай-ақ, экспортқа құбыр өнімі, сүймен мен қара металл және басқа да тауарлар кіреді.

Аумағында «Магнитагорск металлургия комбинаты» КАҚ, «ММК-МЕТИЗ» Магнитагорск метбұйым-калибрлеу зауыты, «Челябі мырыш зауыты» КАҚ және т.б. сынды ірі кәсіпорындар жұмыс жасайтын Челябі облысы ақтөбелік тарап үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазіргі таңда өңірдің кәсіпорындарымен 11 ақтөбелік компания тығыз жұмыс жасайды. Бұл өзара қарым-қатынас пен экономикалық байланысты кеңейту үшін үлкен әлеует барын дәлелдейді.

Келісімдер аясында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде өзара әрекет етуге, өңірлердің бизнесін, өндірістік-шаруашылық кооперацияны дамытуда көмектесуге келісті.

Өңір басшылары сондай-ақ, өздерінің өкілеттіктері аясында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін күш біріктіруді, тараптар өкілдерінің ресми және жұмыс бабымен кездесулері аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен алмасуды, іскерлік тапсырмалар, көрмелер ұйымдастыруды және инвестициялық әлеуетті таныстыруды жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау және білім беру, туризм салаларындағы білімдерімен және тәжірибелерімен алмасудағы бірлескен жұмыстар жоспарланған.

Петропавлда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық форумы басталғанын хабарлағанбыз.

Атырау облысының делегациясы Петропавлда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысып жатыр.

Делегация құрамында өңірдің кәсіпкерлері, туристік фирмалардың, жергілікті тауар өндірушілердің, "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бар.

Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейден екі мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастықтың ХV форумы аясында туризмнің түрлі саласын қамтитын 17 меморандумға қол қойылды.

Форум аясында Қазақстан мен Ресей туристік көрмесі өтті.

Бірнеше күн бойы жалғасатын шараға Қазақстанның барлық өңірі мен Ресейдің 10 облысынан 40 экспонент қатысуда. Екі жылда Қазақстанға Ресейден келетін туристер саны екі есе артқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, екі елдің өнер ұжымдары қатысқан «Достық көпірі» атты гала-концерт өтті. Солтүстік Қазақстан, Омбы, Қорған, Түмен облыстарының ұжымдары мен жеке орындаушылары халық алдында 3 сағат бойы өнер көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Қараша 2018, 14:06
Хиджама туралы
17 Қараша 2018, 12:07
"Мен – студентпін"
Пікірлер