BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Ақтау саммиті: Қазақстанға бес елдің президенті ұшып келді

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін көршілес елдердің президенттері Ақтауға сапармен келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алған болып Ақтау әуежайына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мінген ұшақ қонды. Оны Қазақстан жағынан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарсы алды.

Одан кейін Ақтау саммитіне Иран Президенті Хасан Рухани бастаған делегация келді. Хасан Руханиді Қазақстанның Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

Үшінші болып Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін Ақтауға Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов келді. Оны ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қарсы алды.

Айта кетейік, бұл елдердің басшылары Ақтауға түске дейін келіп қойды.

Түстен кейін Ақтауға Ресей Президенті Владимир Путиннің ұшағы келіп қонды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер