Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті басталды - Саясат|12 Тамыз 2018, 15:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті басталды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

үгін Ақтауда бес ел президенттерінің қатысуымен Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ақтаудағы «Достық үйінде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинді, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Иран Президенті Хасан Руханиді және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедовті күтіп алды.

Саммит барысында алдын ала бес тараппен келісілген күн тәртібі бойынша негізгі үш мәселе қаралатын болады. Атап айтқанда, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, Каспийдегі ынтымақтастық мәселелері, аймақтық және халықаралық тақырыптар.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер