BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

15 наурызда Қазақстанға Өзбекстан президенті келеді

Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен 2018 жылдың 15 наурызында Астанаға жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Өзбекстан президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында өзбек делегациясы Орталық Азия мемлекет басшыларының алғашқы консультативтік кездесуіне қатысады. Сондай-ақ көршілес елдердің президенттерінің екіжақты кездесуі жоспарланған.

Бұл кездесу туралы 2017 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының 72-сессиясында президент Ш.Мирзиеевтің ұсыныс жасаған болатын. Ол оны қараша айында Самарқандта өткен «Орталық Азия: Тұрақты даму және бірге өркендеу үшін ортақ тарих және ортақ болашақ» атты халықаралық конференцияда жетілдіріп тұтас бағдарламаға айналдырды. Өзбекстанның бастамасы аймақтағы барлық елдің қолдауына ие болды. Қазақстан алғашқы кездесуді Астанада жоғары деңгейде өткізуді ұсынған болатын. Сол күні Өзбекстанның басшысы Қазақстандағы Өзбекстан жылының ресми ашылу рәсіміне қатысады.

Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжоновтың мәлімдеуінше бұған дейін шет елдерде Өзбекстан күндері өткізілген, алайда Өзбекстан жылы алғаш рет өткізілмек. Осыған байланысты ауқымды іс-шараға әзірлену үшін Астанаға құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері, қолөнершілер, журналистер және басқа сала өкілдері бар Өзбекстанның делегациясы келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер