USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Венгр антропологтары Кейкі батырдың бейнесін айнытпай салып береді

1916 жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың бірін басқарған Нұрмағамбет Көкембайұлының бейнесін антропологиялық жұмыстар нәтижесінде қалпына келтіреді. Кейкі батыр деген атпен белгілі қайраткердің бас сүйегін Ресейден Астанаға әкелгені туралы хабар қазан айының басында тараған еді.

Венгриялық антрополог Андраштың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары Кейкі батырдың бейнесін 99 пайызға айнытпай анықтауға мүмкіндік береді.

"Қалпына келтіру жұмыстарын ғалым Агнеш Куштар жүргізеді. Біз томографтың көмегімен беттің үш пішінді кескінін жинауға тырысамыз. Сол арқылы батырдың бейнесін айнытпай салуға болады. Бұдан бөлек ДНК сараптама жасалады, өйткені батырдың ұрпақтары болуы мүмкін," — деді Андраш Биро.

Будапештегі Жаратылыстану ғылымдарының мұражайы Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіруге арналған әдістерді таныстырады. Андраш Бироның айтуынша, венгр ғалымдарының жұмысы желтоқсан айында жарияланады.

centralasian.org

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады