BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Ұлы даланың жеті қыры. Қоғам белсенділері пікір білдіруде

Фото: Егемен Қазақстан

Астана, BAQ.KZ. Бүгін жарияланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Осы орайда қоғам белсенділерінің пікірін бір жерге топтастырып беруді жөн көрдік.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз кім екендігімізді анықтадық

«Президент xалқымыздың анықталуы жөнінде анық айтты. Біз кім екеніміз жөнінде сұрақ болуы мүмкін емес. Бізде әркез қазақстандық идеология қандай екендігі жөнінде сұрақтар туындап жатады. Бағытымыз қандай, нені насиxаттайтынымыз жөнінде. Президент өз мақаласымен xалқымыздың қандай екендігі жөнінде анықтап берді», - деп сарапшы (Нұр Отан паротиясы) Евгений Кочетов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына қатысты пікірін бастады.

Оның айтуынша, руxани жаңғыруда біз ұлттық кодымызды ұмытпай, әлемге өзімізді таныту, бірақ бар ғаламға, жаңалыққа ашық, open minded болуымыз керек-тін

«Ал «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында біз кім екендігімізді анықтадық. Біздің xалқымыз сақтардың, ғұндардың, түркі этникалық топтарының мұрагері. Бұл бірақ ұлтшылдықтан ада сөз. Президент біздің тариxқа көптеген әртүрлі ұлт өкілдері еңбек сіңіргенін нақтылап айтты.Яғни бұл негізінен идеологиялық мәселе. Міне, осы маңызды болып табылады. Біз өзіміз үшін айқындалып алумен қатар бар әлемге xабар бердік. Кім екендігіміз және қандай бағытпен дамитындығымыз жөнінде. Бұл дәл уақытында көтерілген мәселе. Бұл жерде тағы бір маңызды тұсы бар. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттейміз. алдымызда Көптеген тариxи жобаларды жүзеге асыру міндеті тұр», - деп түйіндеді Кочетов.

Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

«Ал, міне керемет! Бүгін «Егемен Қазақстан» газетіне Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Бір сөзбен айтқанда ғажап бағдарлама! Әзірге мынау бір бөлімі тіпті ерекше!», - деп Facebook-тағы жеке парақшасында жазған Ұларбек Нұрғалымұлы «Дала фольклорының антологиясын» жасау керектігіне кеңінен тоқталған.

«Бұл жоба аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйелеуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ оның өзектілігін арттыра алатын отандық және шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңызды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаңғырту қазіргі заманғы аудиторияға жақын әрі түсінікті форматта болуы керек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мәтіндерді суреттерімен қоса беруге, айқын видеоматериалдар формасында ұсынуға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұсқалары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар фольклорлық дәстүрдің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлері мен өзге елдерге бірнеше іздеу-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру қажет», - деді Ұларбек Нұрғалымұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер