BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Түркістан облысының орталығында ҚМДБ-ның тұрақты өкілдігі ашылды

Өкілдіктің ашылу салтанатына ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Арын Берік, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораз және облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан өлкесінің бай тарихи тәжірибесі, кемел рухани дәстүрі жаңа облысты еліміздегі алдыңғы қатарлы өңірлердің сапына шығарарын айтқан Б.Арын бұл өкілдіктің ашылуы келелі істердің ұйытқысына айналар игі бастама екенін жеткізді.

«Түркістанның түбі бір түркі жұртының рухани астанасы ретінде танылуында, осы өңірден көшпенділер әлеміне ислам дінінің таралуы мен орнығуына өлшеусіз еңбек сіңірген рухани ұстаз – Ахмет Ясауидің орны ерекше. Осынау тарихи дәстүрді, рухани сабақтастықты сақтай отырып, оны одан әрі жаңғырту біздің басты міндетіміз. Бүгінде осы қасиетті мекенде, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі бастамашылдығының және бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігін ашу дер кезінде қабылданған орынды шешім деп санаймыз» - деді Берік Арын.

Сонымен қатар, Берік Арын өз сөзінде ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы – Түркістан облысының өкіл имамы ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб-мүфтиі Наурызбай Тағанұлының тағайындалуымен және киелі Түркістан қаласы Түркістан облысының орталығы болуымен құттықтады.

Жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев пен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти С. Ораз аталмыш тарихи оқиға бойынша өздерінің жылы лебіздерін білідірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер