USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Тәуелсіздіктен Қазақ хандығына дейін

Фото: Ержан Жаубай

Елорданың Тәуелсіздік сарайының ғимаратында ел тарихының әрбір жылының басты оқиғалары мен жетістіктері туралы баяндайтын «Тәуелсіздік жылнамасы - 25» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Оны Астана қаласының әкімдігі «National Geographic Қазақстан» журналымен бірлесіп ұйымдастырды. Қазақ елінің соңғы ширек ғасырдағы қалыптасу кезеңі, атаулы күндері, елеулі оқиғалары мен жүріп өткен жолын еске салып, көрсететін көрмеге Қазақстан және шетелдік фотомамандардың 80-нен астам еңбегі ұсынылады.

«Барлығыңызды келе жатқан мерекелермен құттықтаймыз. Қазір сарайда неше түрлі оқиғалар болып жатыр, ертең біз Тұңғыш Президент күнін атап өтеміз, биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудеміз, осы мереке қарсаңында атауында «тәуелсіздік» атауы бар осы сарайда Қазақстан жылнамасының көрмесін ашып отырмыз. Бұл жерде фотосуреттер арқылы еліміздің тарихы, табиғаты және байлығы туралы сыр шертетін 96-дан астам жұмыс қойылған», - деп мәлім етті Тәуелсіздік сарайының директоры Әсел Өміршина.

Фототілшілер өз туындыларын бұл көрмеге қою арқылы Қазақстанның бай мәдени мұрасына, төл тарихына, ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетуді алдарына мақсат етіп қойып отыр.

«Фото көрмені зер сала қарасаңыздар Қазақстан Республикасы алғаш рет Тәуелсіздігін жариялаған қазіргі ҚБТУ-дың, сол кездегі Министрлер кеңесінің ғимаратынан басталып, кеше ғана Таразда өткен «Қазақ хандығының 550» жылдық салтанатты жиынында қос ханның ескерткіші алдында сөз сөйлеп тұрған Елбасымыздың бейнесімен аяқталады. Яғни біз осы Тәуелсіздіктің ширек ғасырында түп-тарихымызды тануға қол жеткіздік деген сөз» - дейді көрмені ұйымдастырушы «National Geographic Қазақстан» журналының жауапты шығарушысы Мақсат Ясылбайұлы.

Азаттығымыздың 25 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме қарашаның 30-нан бастап жыл соңына дейін Астанадағы Тәуелсіздік сарайының негізгі көрме залында өтеді.

Ұқсас сілтемелер:
03 Желтоқсан 2016, 22:23
ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 25 ЖЫЛ...
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады