BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 327.42 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 383.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Татарстан музейі Қазақстанның 107 жауынгері мен офицерінің марапаттар парағының көшірмесін сыйға тартты

Фото: ашық дереккөзден

Татарстанның Ұлы Отан соғысы ұлттық музейі Қарағанды ардагерлер кеңесіне Қазақстанның 107 жауынгері мен офицерінің марапаттар парағының көшірмесін сыйға тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық ардагерлер кеңесіне сілтеме жасап.

«Қарағанды облысының Ардагерлер кеңесіне Татарстанның Ұлы отан соғысы ұлттық музейінен Қазақстаннан соғысқа шақырылған 107 жауынгер мен офицердің марапаттар парағының көшірмесін сыйға беру туралы хат келді. Электронды пошта арқылы жіберілген осы құжаттардың арқасында Қарағанды облысынан соғысқа шақыртылған үш жауынгер табылды», - делінген хабарламада.

Атап айтар болсақ, олар 10-шы гвардиялық танк корпусының 627-ші автоматшылар батальонының санитары Айтжан Батырбеков, ол 1913 жылы туылған және 1942 жылы 18 маусымда Қарағанды облысы жезқазғандық АӘК-тан Қызыл әскер қатарына шақырылған, Қызыл жұлдыз және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.

Сонымен қатар, 89-шы Таман дивизиясының 526-шы атқыштар полкы 3-ші батальоны 7-ші рота командирі Құрманғали Жақсымбаев табылды, ол 1920 жылы туылған және әскерге 1940 жылы 17 қарашада шақыртылған.

Үшінші майдангер 1925 жылы туылған және әскерге 1943 жылы 26 қарашада шақыртылған Григорий Афанасьев, «Ерлігі үшін» медалімен екі рет марапатталған.

Бүгінде аталған соғысқа қатысушылардың Қарағанды облысында туысқандары іздестірілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер