USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Өскемендік имамдар «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан жарияланған «Дін және тарих тағылымы жылы» аясында Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары мен «Өскемен қалалық мешітінің» қызметкерлері және 2 айлық имамдық курста білім алып жатқан талапкерлер сенбі күні Шығыс Қазақстан облыстық Драма театрында драматург Д.Рамазанның «Керей-Жәнібек» тарихи драмасын тамашалады.

Ұлт тарихының өрнекті кезеңдерін театр актерлері барынша шынайылықпен жеткізе білгендігі сондай, көрермендер көздеріне жас алып отырып тамашалады. Спектакльге келген қауымның рухы оянып, Қазақ хандығының алғашқы құрылу себептеріне куә болды.

«Біздің тарихымыз-ұлы тарих. Ата-бабаларымыз ұрпақ үшін жан ямай осындай ұлы далаға Қазақ мемлекетін құрып берді. Мемлекетіміздің туын биікке көтеріп, Мәңгілік ел идеясына топтасуымыз керек. Халқымыздың рухын көтеріп, ұлтымыздың тарихын баяндайтын осындай тарихи қойылымдарсанамызға ұлт тарихын жаңғыртады» деп атап өтті Ермек қажы Тасболатұлы.

Қойлым соңынан өкіл имам театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер Сахан Әкелеевпен жолығып, «Керей-Жәнібек» драмасынан алған әсерімен бөлісіп, осындай тарихи туындыларды әр кез қолдайтындығын жеткізіп, театр ұжымына сәттілік тіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады