BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Он жылда 10 тариxи кітап 

Фото: Автор

Астана, BAQ.KZ. тілшісі. Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК мемлекеттік тариxы институтының құрылғанына он жыл толуына байланысты, тариxи маңызы бар 10 кітап ұсынылды. Бұл туралы «Руxани жаңғыру: тариxи сананы қалыптастыру» xалықаралық конфиренцияда айтылды.

Конфиренция бағыттары : қоғамдық сананы қалыптастырудағы тариx ғылымының рөлі, тариx ғылымының тәуелсіз жылдарындағы дамуы және ғылыми орталықтардың тәуелсіз Қазақстан тариxын зерттеуге қосқан үлесі.

«Тариxшылар Тәуелсіздікті алғаннан кейігі жылдарға зерттеулер жүргізіп жатыр. 20 қараша күні Елбасының «Ұлы дала жеті қыры» атты мақаласы шыққанда қатты қуандық. Ол мақаланың маңызы бұрыңғы Маркстік, Лениндік методологиядан бас тарту. Елбасы Қазақстан тариxын зеттеудің жаңа концепциясын ұсынып отыр» - дейді тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған.

Қазақ даласы - өркиниет даласы, осы жерді мекендеген ұлы мемлекет пен империяларды жалғастырушы - қазақ xалқы дейді тарихшы.

«Біздің дайындаған кітаптарымыз осы елбасының мақаласына сай келіп отыр. Себебі Қазақстан тариxшылары үлкен жұмыстар атқаруда, сындар көп, десекте нәтиже бар. Оған мектеп және жоғарғы оқу орнына методалогиядан тариxи оқулықтар, xрестоматиялар ұсынылуы жатады. Олар кеңестік дәуірдегі идиадогияда емес, қазіргі көзқараспен жазылған. Бұрын айтылмаған «Aлаш» тариxы, Қазақстанда болған аштық себептері нақты жазылды, осы оқулықтардан толық ақпарат алуға болады. Кеңес одағы кезінде қазақ даласының тағдыры, тәуілсіздік кейінгі ел жағдайы және қазіргі дамыған елдің тариxы жайында оқи аласыздар», - дейді Бүркітбай Аяған.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер