BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Домбыра - қазақтың жаны

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев домбыраға қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Елбасының домбыра туралы айтқан пікірін Ақорданың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде жариялады.

«Домбыра қазақтың жан дүниесімен байланысты. Күйді, домбыраның әуенін, сазын мұрнына жусан иісі барған әрі Ұлы дала төсінде өмірге келген қазақ қана түсіне алады. Себебі бұл ерекше музыка адамның жан дүниесін көрсетеді, яғни мұңды немесе қуанышты, ойды ашық байқатады. Кешкілік домбыраны шертіп отырған кезде, барлығы ұмытылады. Маған бұл әсер ұнайды, сондай-ақ домбыраны жақсы шертетін адамдарға құрметпен қараймын. Біздің қазақтың өлеңдері мен жырлары адамның жан-сезімін толқытады, оларда философиялық мазмұн бар. Қазақ әндері мен жырларында музыкаға емес, ондағы сөздерге мән беру керек. Бұл сөздердің мәні өте тереңде жатыр және олардың үлкен маңызы бар» - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер