USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Міндетті түрде ашаршылық туралы кино түсіремін – Нұртас Адамбай

Танымал шоумен, КВН жұлдызы Нұртас Адамбай соңғы кездері кино түсірумен де айналысып жүр. Жақында ол өзінің фейсбуктегі парақшасында ашаршылық туралы кино түсіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Сәті түскен кезде міндетті түрде ашаршылық туралы кино түсіремін. Мұндай тариxи нәубетті ұмытуға болмайды», - дейді ол.

Нұртас Адамбай режиссер ретінде осы уақытқа дейін «Келинка Сабина», «Побег из аула», «Келинка Сабина 2», «Операция Маxаббат», «Тараз» фильмдерін түсірген. Соңғысы жақында прокатқа шығады.

Айта кетейік, Кеңес Одағы кезінде екі мәрте ірі қолдан ұйымдастырылған ашаршылық болған. 1919-1922 жылдардағы ашаршылықта 1,5 млн xалық қырылған. Ал екінші рет ұйымдастырылған 1931-1933 жылдардағы ашаршылықта 2,5 млн xалық көз жұмды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер4
Нұртуған
Алдыңнан жарылқасын! Осындайда Европа-Ресей,Қытай,Парсылардың Қазақтан өле қорқуының бір сыры бөрілік сипаты екеніне сенбеске амал қалмайды. Алла ақ жол берсін! Арулы халқымыз мыңдаған жыл тарихында аштықтан артық қиындық көрген жоқ. Кино түсірсең Мекемтас Мырзахметов ағаның тағдырын ҰМЫТПАССЫҢ інім! Ізгі тілекпен, Нұртуған деген бір ағаң.
Нұртуған
Ниетің қабыл болсын, осындай көңілің үшін мың алғыс. Бөрінің баласы орманға қарап ұлиды дейді. Қазақ ұлы қаныңда екен. Өзге елдердің өлерднй қорқуы осы симптомдар еді ғой. Кино түсірсең Мекемтас Мырзахметов ағаның тағдырын ҰМЫТПАССЫҢ інім.
Нұртуған
Ниетің қабыл болсын, осындай көңілің үшін мың алғыс. Бөрінің баласы орманға қарап ұлиды дейді. Қазақ ұлы қаныңда екен. Өзге елдердің өлерднй қорқуы осы симптомдар еді ғой. Кино түсірсең Мекемтас Мырзахметов ағаның тағдырын ҰМЫТПАССЫҢ інім.
Канат
ашаршылық туралы кино түсіру қоғамға, болашақ ұрпаққа қажет, шындықты сүсіреді деп үміттенеміз!

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады