BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Маңғыстау әкімі Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шаралармен бөлісті

Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов келер жылы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына байланысты өңірде ұйымдастырылатын шаралар жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«ТҮРКІСОЙ деген үлкен ұйым бар ғой, сол жаққа 2019 жылды Әбіш ағамыздың жылы деп жариялау жөнінде ұсыныс жолдадық. Сол жақтан бүгінде үлкен қолдау табылып жатыр. Сондықтан, бұл осы дата аясындағы үлкен іс-шараның бірі», - деді Тоғжанов.

Өңір басшысының айтуынша, жазушының 80 жылдық мерейтойы аясында ауқымды шаралар қолға алынып жатыр.

«Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салуды біз қолға алдық. Оны осы жылы бастап, келесі жылы аяқтайтын боламыз. Оның ішінде, Әбіш Кекілбаев музейі болады. Сонымен қатар, Әбіш Кекілбаев ескерткіші қойылады. Ол ескерткіш Мемлекет басшысының тапсырмасымен дайындалып жатыр. Келесі жылы «Әбіш оқулары» байқауын халықаралық деңгейде өткізетін боламыз. Жазушының туған ауылы Оңдыға Әбіш Кекілбаев есімін беру жөнінде де ұсыныс жолдадық. Оның қолдау табатынына сенімдімін. Болашақта «Әбіш әлемі» атындағы халықаралық театрлар фестивалін де өткізетін боламыз. Бұл тек мерейтой аясындағы іс-шаралардың бастамасы ғана», - деді облыс әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер