USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қоғамдық кеңесте Өскемен өкілдігінің жұмысы жоғары бағаланды

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Булакина Ольга Александровнаның төрағалығымен «Өскемен қалалық әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің» отырысы қалалық әкімдікте болып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы бастаған имамдар, және Өскемен қаласындағы басқа діни бірлестіктердің жетекшілері мен қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау орындарының мамандары, мемлекеттік ұйым мекемелердің басшылары, ЖОО-ы ұстаздары мен жастар ісі жөніндегі мамандары қатысты.

Қоғамдық кеңестің отырысында Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы арнайы баяндама жасап, Діни басқарманың төрт бағыттағы тапсырмаларының негізінде өкілдік тарапынан өңірде діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Ислам ұлттар достығы мен тұрақтылықты, бейбітшілікті барынша уағыздайтын дін. Біз өңірде асыл дініміздің ұлтымыздың салтымен үндескен ғибратты тағылымдарын насихаттай отырып, діни лаңкестікке қарсы шараларды қарқынды жүргізіп келеміз, алда да жат ағымдарға тосқауыл қою бағытындағы іс-әрекеттерімізді батыл жалғастыра беретін боламыз» деп атап өтті, өкіл имам өз сөзінде.

Кеңесте басқа діни бірлестіктер өкілдері мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері өз тараптарынан лаңкестікке қарсы жасалып жатқан шаралар туралы айтты.

Кеңес отырысына қатысушылар ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастырып жатқан істерін жоғары бағалап, әр кез қолдайтындықтарын білдірді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады