USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қытайдағы қазақ спортшылары туралы кітап жарыққа шықты

Фото: Нұрбек ӘЛМАНБЕТ

Елордада ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Дәурен Бақытхажыұлының «Қытайдағы қазақ спортшылар» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Іс-шараға белгілі спорт журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлерінен мемлекеттік бас жаттықтырушысы Рамазан Сәттібай, ақын-жазушылар және журналистер қатысты.

Кітапта ҚХР-дағы миллиардтар ішінен топ жарған 80-нен астам қазақ спортшысы туралы мәліметтер жинақталған. Автордың айтуынша, бұл оның алғашқы еңбегі. Алдағы уақытта 2017 жылғы ЭКСПО көрмесі қарсаңында басқа да шет елдердегі табысқа жеткен, еңбегі елеулі қазақ спортшылары туралы кітап жазып, оқырман қауымға сыйламақ.

- Қытайдағы қазақ спортшылары туралы жинақталған мәлімет жоқ. Мүмкіндігім жеткенше халықаралық, автономиялық аудандық жарыстарда топ жарған спорт саңлақтары туралы мағлұматтарды топтастырдым. Кітап жалпы оқырман қауымға арналады, – дейді автор Д. Бақытхажыұлы.

Спорт журналистикасында 40 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Несіп Жүнісбайұлы саланың өткені мен бүгіні туралы әңгіме қозғады. Спорттық додалардағы қазақ спортшыларының жеңісі жинақталған анықтамалық кітаптың көтерер жүгі - энциклопедия салмағымен пара пар дүние дейді.

- Қазіргі жастардың мықты екенін мойындау керекпіз. «Қытайдағы қазақ спортшылары» деген мынау үлкен кітап мені таңқалдырды. Ғұмырымды спорт саласына арнаған адаммын. Кітапта беймәлім адамдар көп екен. Бұл еңбек сыртта жүрген сенің халқыңа деген махаббатыңның ұшқыны деп білемін. Қытай секілді миллиардтаған тұрғыны бар елдегі қазақ ұландары мен ұлдарының аты-жөнін, бейнесін беріп отырсың. Қазақ тарихын түгендеу арқылы өз үлесіңді қоса беруіңе тілектеспін, – деген жазушы авторға ағалық жылы лебізін арнады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады