BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қадір түнін күзеткен халық мешіттерге сыймай қалды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Кеше еліміздегі барлық мұсылман жамағаты үшін қасиетті Рамазан айының 27-жұлдызына дөп келген Қадір түнін қарсы алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл түні Қазақстанның барлық мешітінде жиылған халық Қадір түнін ерекше ықыласпен өткізіп, елмен қатар Құран хатым батасына қатысты. Осы орайда ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы «Нұр Астана» мешітінде Құран хатым батасын жасап, уағыз айтты.

«Қадірлі жамағат! Мың айдан қадірлі болған қасиетті түнді Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, құлшылықпен өткізу – үлкен сауапты амал. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне осы түнде дұға жасауды да үйретіп кеткен» - деген Бас мүфти жиналғандарға Алла Елшісі үйреткен дұғаларды айтып берді.

Сонымен қатар ол жиналған елге Қадір түні құтты болсын айтып, бата берді.

«Қасиетті түнді құлшылықпен өткізген мұсылманға періштелер салауат айтып, оған бейбіт өмір тілейді. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, рақымына бөлегей! Халқымыз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай», – деді ҚМДБ төрағасы.

12 айдың сұлтаны – ораза айының 1000 айдан сауапты Қадір түнінде Астанадағы мешіттерде адам көп болғаны сонша, симағандары далада отырып дұға-тілектерін тіледі. Мешіттерге жиналған халықтың барлығы да еліміздің амандығын, жұртымыздың тыныштығын, береке-бірлікте өмір сүруімізді тілегені анық.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер