USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

БҰҰ Бас хатшысы қазақ баласының тұсауын кесті

БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы Антонио Гутерриш Астанада "Тұсау кесу" рәсіміне қатысты. Бұл туралы Гутерршиш тұсауын кескен балақайдың әкесі айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы өткен аптада қысқа мерзімді сапармен Астанада болып, Қазақстан Президентімен кездескен болатын. Мәдени бағдарлама барысында ол Қазақстандағы португал қоғамдастығымен кездесті. Сол кезде Антонио Гутерриш рәсімге қатысқан. БҰҰ Бас хатшысы наурыздың екісі күні бір жасқа толатын Нүрәмірғалидің тұсауын кесіп, жолын ашты.

Баланың әкесі Ілияс Омаров осы бір қадірлі рәсім үшін неліктен сыйлы қонақты таңдағанын айтты.

«Дәл осы күні, 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды. Бұл ой бірден келді. Антонио Гутерриш БҰҰ Бас хатшысы болғанға дейін ол Астанаға ұйымның босқындар ісі бойынша Жоғарғы Комиссары ретінде келген уақыттарда - 2008 және 2013 жылдары жолыққан болатынмын. Оларға кездесу ұйымдастырдым», - дейді Ілияс Омаров.

Іс-шара жақындар ортасында ғана өтті. Кілем үстінен жүріп өткен бала барлық сыйлардың ішінен БҰҰ логотипі бар сувенирді таңдап, Антонио Гутерришті қатты қуантты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады