BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Атырауда "Ұлы дала жауһарлары" көрмесі ашылды

Атырау, BAQ.KZ. Көрмеде 100-ден аса құнды заттардың шынайы түпнұсқалары, артефактілер түпнұсқалары, алтын мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, экспонаттары қойылған, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік космуникациялар қызметі.

Мұнайлы өлкеде Елбасының " Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде топтамашы-этнограф, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Баһаргүл Төлегеннің 3 күндік жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көрме лентасын қиып, барша қала тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырды.

"Іске асып жатқан шаралардың барлығы ұлы даланы мекендеген ата-бабаларымыздың тариxынан сыр шертіп, қазіргі жаһандану, ақпараттандыру заманындағы ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды ,құрал саймандар, әшекейлер мен құнды дүниелерді еске түсіруге бағытталған. Бүгінгі көрме де соның бір дәлелі. Өз атымнан Баһаргүл xанымға ризашылығымды білдіремін. Көрмені көруге келген әрбір атыраулық өзіне керек, құнды мағлұматтармен танысып, бұрын білетін ақпараттар аясын кеңейтіп, бұрын-соңды көрмеген жәдігерлер тариxымен танысуға мүмкіншілік алатынына сенімдімін",- дейді облыс әкімі.

Аталған көрме Атырауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін Алматы және Астана қалаларында бірнеше рет өткізілген.

"Халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық өнерін, мәдениеті мен әдебиетін тани білетін және оны құрметтейтін киелі де қазыналы Атырау өңіріне қош келдік. Туындыларымызды көріп бағаласын деген оймен бүгінгі көрмені ұйымдастырып отырмыз. Осы шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысым шексіз. "Әдемі-ай" компаниясы 20 жылға жуық уақыт ішінде ұлт құндылығын сақтау жолында еңбек етіп келеді. Бүгінгі мақсат - жастардың көрме жәдігерлерімен танысып, бабалар аманатын кейінгі ұрпаққа жеткізуіне жағдай жасау",- дейді Баһаргүл Төлеген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
15 Желтоқсан 2018, 16:24
Түркістанда саябақ ашылды
Пікірлер