BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада конфессияаралық диалог мәселелері талқылануда

Астана, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференция басталды.

Конференцияға уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанның дипломатиялық корпус және діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мәдениетаралық және конфессияаралық диалог мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысуда.

Шарада сөз алған Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов конференция қонақтарын алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміз бейбітшілік пен келісім қағидаттарына негізделген қоғамның ерекше үлгісін құрғанын атап өтті.

«Бүгін Қазақстанның табысы, жауапты әрі сенімді серіктестік ретінде әлемдік қауымдастықпен мойындалған. Мемлекет тәуелсіздігінің 27 жылында Қазақстан өзінің даму жолын ашып, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім қағидаттарына негізделген қоғамның өзіндік ерекше үлгісін құрды»,- деді ол.

Айта кетейік, конференция барысында конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер, Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық тәжірибесінің бірегей моделі, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің сұхбат алаңының тәжірибесі, сондай-ақ, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту мәселелері талқыланып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер