BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Астанада Домбыра party өтті

Фото: Нұржас Жақсыбай

Елордадағы Арбат сахнасында жастар күніне орай Домбыра party кеші өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

«Домбыра party кешін халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырдық. Біздің орталыққа кіретін 20 аула клубы бар. Осы клубта домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Сонда тәрбиеленіп жатқан жас домбырашылар өнерлерін көрсетті», - деді «Астана жастары» ЖРО аула клубтарын дамыту бөлімінің маманы Болат Жұмаділ.

Жас домбырашылар қала тұрғындары мен қонақтарына «Адай», «Балбырауын», «Құрманғазы», «Көңіл толқыны», «Аққу» күйлерін орындап берді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер