BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Алматы облысында Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды

Астана. BAQ.KZ. Белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, ҰОС ардагері Кемел Тоқаев атындағы жаңа сквердің ашылу салтанаты бүгін Алматы облысы Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында өтті. Қаратал ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл айтулы оқиғамен көпшілікті облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шара сквер ішінде орнатылған Кемел Тоқаев мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Қараталдықтарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

«Біз қуанышты жайт, айтулы оқиғаға жиналып отырмыз. Бүгін көрнекті жазушы-журналист Кемел Тоқаевтың 95 жылдығына орай жаңа сквер ашылды. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді», деп Ілияс ақын жырлағандай, өңірімізде топырағында туып-өскен дарынды азаматтардың есімін ардақтау – ортақ парызымыз. Пайдалануға беріліп отырған жаңа сквер көпшілікті бүгінгі ауданның 90 жылдық мерейтойымен бірге қуантып отыр. 1,4 гектар жерді алып жатқан демалыс орнында балалар алаңы мен спорт алаңы да қарастырылған. Сондықтан бұл сквер қараталдықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп сенемін», - деді өз құттықтауында.

Мұнан соң Қаратал ауданының Құрметті азаматы Қуандық Әбдікәрімов сөйлеп, өзінің адам болып қалыптасуында Кемел Тоқаев кітаптарының рөлі зор болғанын атап өтті. Ақсақал өз сөзін жазушыға арнау өлеңімен жеткізді. Ал ҚР Журналистер одағының мүшесі Мәкен Өсербаева өз кезегінде жаңа сквердің ашылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш екенін айтты.

Белгілі химик-ғалым, профессор, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚазСРО ҒА корреспондент-мүшесі, ҚазСРО еңбек сіңірген ғылым қызметкері, ҚР ҰҒА академигі Еділ Ерғожин Кемел Тоқаев туралы естеліктерімен сөз бастады. жазушының айтқан жылы сөздері химия факультетінде оқып жүрген жас білімгердің бойына қанат бірііп, өзіне деген сенімділігін арттырған. Сонымен қатар Еділ Ерғожин облыс басшылығы тарапынан алдыңғы буын үлкендерге көретіліп отырған қамқорлық кейінгі жастардың тәрбиесі үшін зор үлгі екенін де атап өтті. Қонақтар мен аудан тұрғындары скверді аралап, жаңа нысанның кесін-келбетін тамашалады.

Атап өтсек, Үштөбе қаласындағы сквердің жалпы алаңы 1,4 гектар. Жобаның жалпы құны 296 035,0 мың теңге. Мұнда жапырақты, қылқан жапырақты, декоративті ағаштар мен бұталар отырғызылған, гүлзарлар көз тартады. Скверге саябақтық жиһаздар қойылып, жаяу жүргіншілер жолы төселген, жарық шамдары орнатылған. Спорттық және балалар ойын алаңдары бар. Сквердің құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталып үш ай ішінде аяқталды. Жобалық ұйымы – «Ж. Р. Жанекенов атындағы жобалау институы» болса, мердігер мекеме – «Анкор-2005» ЖШС.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер