USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

"Әлихан Бөкейхан" монетасы 100 теңгелік банкнот ретінде айналымға түседі

Фото: Ержан Жаубай

«Ақ жол» партиясының орталық кеңесінде Ұлттық банктің Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына шығарған мерейтойлық монетасының таныстырылымы өтті. Оған Алаштанушылар, қоғам белсенділері мен банк өкілдері және «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашеп пен партия мүшелері қатысты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Биыл «Алаш» қозғалысының көшбасшысы, қазақтың көрнекті мемлекеттік қайраткері, "Алаш-Орда" қазақ ұлттық автономиялық үкіметінің төрағасы - Әлихан Бокейханның дүниеге келгеніне 150 жыл толды.

«Әлихан Бокейхан ХХ ғасырдың басында қазақ халқының мемлекеттілік белгілерін ғана емес, сондай-ақ КСРО құрамындағы Қазақ автономиялық республикасының (кейіннен ҚазССР) аумақтық шекараларының құқықтық бекітілуінде айрықша тарихи рөл атқарылды. Сөйтіп, Ә. Бөкейхан 2016 жылы 25 жылдығы аталып өтетін ұлттық Тәуелсіз Қазақстанның және қазіргі заманауи Қазақстан Республикасының құрылуының жаршысы болды» - дейді партия төрағасы Азат Перуашев.

Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» басшылығына Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы құрметіне бағалы металдардан коллекциялық мерейтойлық монета жасау туралы ұсыныс жасаған.

Банк тарапынан бұл ұсыныс қолдау тауып, бүгін соның нәтижесінде жасалған монета көпшілікке таныстырылды.

Монетаның құрамы туралы таныстырған Ұлттық банк өкілінің айтуына қарағанда монета металдан жасалған. Оның құрамында 11,17 грамм нейзильбер бар. Сонымен қатар 100 теңгелік номиналдың диаметрі 31 мм. 100 мың дана таралыммен жасалған монетаны «Ақжол партиясының тапсырысымен Ұлттық банк жасап шығарған.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады