BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жамбылда жерлестер форумы өтеді 

Фото: автор

Жамбыл облысында жерлестер форумы өтеді. Бұл жөнінде Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Басқарма Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруды тікелей үйлестіріп келеді. Оның аясында басқарманың ұйытқы болуымен халықты рухани тұрғыда байыту мақсатында республикалық деңгейдегі танымал азаматтар мен зиялы тұлғалар шақырылып, кездесулер мен ауқымды шаралар өткізу қолға алынды. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша 2018 жылы 3 млрд 50 млн теңгеге 119 кіші жоба мен 73 іс-шара іске асырылуда», - деді басқарма басшысы.

Берік Құрманғали атап өткендей, жоғарыда аталған жобалар үшін 350 млн теңге жергілікті бюджеттен қарастырылса, қалған 2,7 млрд теңге меценаттар тарапынан ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, спикер қазан айының басында «Рухани жаңғыру» аясында «Ұлы дала рухы» атты фестиваль өтетінін мәлімдеді.

«Сондай-ақ, аталған бағдарлама шеңберінде Жерлестер форумын өткізсек деп отырмыз. Бұл форум еліміздегі барлық өңірде аталады екен. Алайда, не себепті екенін, біздің облыста өткізілмей келген. Қазір форумның қай уақытта өтетіні және оған кімдер шақырылатыны нақтыланып жатыр», - деді Берік Құрманғали.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер