Ұлттық сұраныс пен қажетілікке жауап беретін жаңғыру жолын таңдауымыз керек – сарапшы - Рухани жаңғыру|07 Желтоқсан 2017, 15:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Ұлттық сұраныс пен қажетілікке жауап беретін жаңғыру жолын таңдауымыз керек – сарапшы

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында (ӘЭСИ) «Жаңғыру және дамудың ұлттық жолы: тарих сабақтары мен болашақтың сын-тегеуріндері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, ел егемендігінің 26 жылын қорытындылай отырып, біз өзіміздің ұлттық жаңаруымыздың жаңа күрделі кезеңіне қадам басамыз. Үшінші жаңғыру деп белгіленген бұл кезең Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына кіруіне бағытталған маңызды тапсырмаларды жүзеге асыруға негізделген", - дейді дөңгелек үстелге қатысқан ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев.

Сарапшының сөзіне қарағанда, жүзеге асырылып жатқан жаңғыру бағдарламасын еліміздің жинақтаған тәжірибесі мен халқымыздың санғасырлық тарихы арқылы бағалау өте маңызды.

"Біздің тарихымызда бұған дейін драмалық сипатқа сай келетін жаңғыру жұмыстары жүргізілген. Кеңес дәуірін еске алсақ жеткілікті. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің тарихи тәжірибеміз бен қоғамның қазіргі жағдайын терең талдауы қажет, өткен күндерде жасаған қателіктерді қайталамай, ұлттық сұраныс пен қажетілікке жауап беретін ең тиімді әрі нәтижелі жаңғыру жолын таңдауымыз керек", - дейді ӘЭСИ директоры.

Пікірталасқа қатысушылар Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша қойған тапсырмаларын, жаңғыру жұмыстарын ары қарай жүргізу үшін қандай түйткілді мәселелерге назар аудару керектігін талқылады.

Шараға отандық сарапшылар, саясаткер-ғалымдар мен тарихшылар қатысты. Олардың қатарында: Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Заманауи зерттеулер институтының директоры; Тимур Козырев, Халықаралық түрік академиясының сарапшысы; Радик Темірғалиев, тарихшы, «Қазақтар мен Ресей» және т.б. кітаптардың авторы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер