BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Шетелдегі қазақтарды қолдаудың үкіметтік жоспары бекітілді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан үкіметі 2018-2022 жылдарға арналған шетелдегі этникалық қазақтарға қолдау көрсету шараларының жоспарын бекітті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында берген тапсырмаларын орындау мақсатында бекітілді.

Атап айтқанда, Қазақ диаспорасы өкілдерінің Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алуы үшін стипендиялық бағдарлама жасақтау қарастырылған. Сонымен қатар, шетелдегі қазақ мектептері мен орталықтарын қазақ тіліндегі оқу құралдарымен, гуманитарлық бағыттағы оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету және шетелде қазақ мәдениетінің орталықтарын құру көзделген.

Бұдан басқа, «Алыстағы ағайын» деген атаумен шетелдегі танымал қандастарымыз туралы фильмдер желісі дайындалады. Ал, шетелде кәсібін дөңгелетіп отырған қазақтар үшін тарихи отанында кәсіп ашып, оны дамытуы үшін жағдай жасау механимздері қарастырылуда.

Жалпы, толығырақ құжатпен мына жерден танысуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер