BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Латын әліпбиіне көшуге 600 миллион теңге бөлінеді  

Мәжілісте таныстырылған 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге 600 миллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, қаржы «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы» арқылы бөлінеді. Осылайша, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруге 2018 және 2019 жылдары 300 млн теңгеден бөлінбек.

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2018 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім 3,1 пайызға өседі деп болжанып отыр. Ал бюджеттің табысы шамамен 5 триллион теңгеге жетпек. Шығын 9 триллион теңгеден асады.

Бұған дейін латыншаға көшу бойынша дайындық жұмыстарына 250 млн теңге жұмсалатыны хабарланған болатын. Алайда Қаржы министрлігі ол нақты сома емес екенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» тыңдау өтті. Отырыс барысында Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 таңба болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
18 Маусым 2018, 16:34
Теңге құлдырап барады
Пікірлер