BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Көне кітаптар көрмесі

Фото: Ержан Жаубай

Астанада 18 мамыр халықаралық музей күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдараламасы аясында «Көне кітап – рухни жаңғырудың жарқын жолы» атты кітап көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының қолдауымен Түркістан қаласындағы Әзірет сұлтан музейіндегі құнды кітаптар астаналықтардың назарына ұсынылып отыр.

«Мұндай кітаптар біздің қорда 100-ге жуық. Ал бүгінгі көшпелі көрмеге 40 кітап әкеліп отырмыз. Бұл жерге «Насаб-нама» нұсқаларын, Исқақ баб, Абд ал-Жалил баба қатарлы қазақ даласына ислам дінін таратушы ғұламалардың насабнамалары мен Ахмет Яссауидің шежіресі, мөрі, «Диуани хикмет» қолжазбасы және тағы басқа діни кітаптар қойылған. Барлық жәдігер түпнұсқа қалпында сақталған. Бір ескерте кететін жай, бұл кітаптардағы ислам діні туралы деректердің барлығы да таза Ханафи мәсхабын дәріптейтін, асыл дінімізді ұлықтайтын мәлметтер. Бүгінге дейін оннан астамы ғана аударылды. Барлығын аударуға бізде мүмкіндік тапшы. Соған қарамастан, халқымызға керек дүниелерді тауып жатырмыз. Қанша құнды дегенмен, ұзақ сақтау да оңай емес. Көбіне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек» - дейді Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың директоры Гүлжанат Дүйсенбаева.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер