BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қызылордалық меценат өз ауылына 13 мың жеміс ағашын егуде

Фото: Econet

Қызылордалық кәсіпкер Еркін Бекжанов өз қалтасынан 20 миллион теңге шығарып, туған ауылына алма ағаштарын егуде, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Т.Жүргенов ауылының тумасы Еркін Бекжановтың туған жеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі, жанашырлығы кез келген адамға үлгі. Жеке бас мүддесін емес, еліне пайдасын тигізуді көздеген меценат өз қалтасынан 20 миллион теңге қаржы шығарып, алма ағаштарын егуде.

«Қазіргі таңда 13 мыңға жуық жеміс ағашын әкелдім. Сол арқылы туған ауылымның тұрғындарына жұмыс көзін де тауып бергім келіп отыр. Алдағы уақытта алма ағаштары ауыл тұрғындарының игілігіне жарайтын бау-бақшаға айналса деген ойым бар. Біз еккен ағаштар ертең балаларға сая болады», – дейді «Құрманбай ата» шаруа қожалығының иесі Е.Бекжанов.

Бүгін «Рухани жаңғыру» орталығының өкілдері туған жерге тағзым еткен кәсіпкердің игі ісін көруге бара жатыр.

«Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында туған еліне адал қызмет жасап, халық игілігіне жарар жобаларды жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлерге қолдау көрсету туралы айтылған болатын. Осы мақсатта «Атамекен» кіші бағдарламасы бүгінде жүзеге асырылуда. Соның аясында аймақтағы ел алғысына бөленіп жүрген меценаттар жұмысы айқын көрініп жатыр. Мәселен, Еркін Бекжанов қомақты қаржысын жеміс ағаштарын егуге жұмсаған. Бұл туған жеріне деген сүйіспеншіліктен туындаған бастама», – дейді Гүлмира Әшірбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер