BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

«Киелі Қазақстан» экспедициясы шығысқа бет алды

Бүгін, яғни 17 мамырдан бастап 26 мамырға дейін QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Назарбаев Университетімен бірлесіп Қазақстанның киелі жерлері бойынша жыл сайынғы «Киелі Қазақстан» экспедициясын өткізуді бастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы сапар негізінен ШҚО-ға бағытталған. Экспедиция мүшелері Ақкөлдегі ескі ағаш мешітті, Қоңыр Әулие үңгірін, Аблай-кит монастырының орнын, Ақкөл мазарын, әйгілі Құнанбай бидің мешітін және Қызылкент ғибадатханасын зерттейді.

«Киелі Қазақстан» экспедицияларының топтамасы, бізге ғасырлар бойы жеткен рухани мұра нысандарын жан-жақты зерттеуге бағытталған. Бұл құрылыстар – Қазақстан жерінің ежелден бері әртүрлі рухани тәжірибелер мен дүниетанымдар үйі болғанының нақты айғағы. Мысалы, Ақкөл мешіті сібір-татар «мұсылман» стилінде башқұрт сәулетшілері тұрғызған. Ал жер астындағы көл – Қоңыр Әулие үңгірімен көптеген тенгриандық аңыздар байланысты. Аблай-Кит жоңғар монастырында 17 ғасырда моңғол тіліндегі қолжазбалар мен бодхисаттва суреттері табылған. Сонымен қатар, Қызылкент «Қызыл ғибадатханасын» буддизмді ұстанған тайпалар тұрғызған» - дейді экспедиция мүшелері.

Қазақстанның осындай рухани бай мұрасын Назарбаев Университетінің зерттеушілері саралап, сараптап көрмекші. Ғалымдар ГИС-координаталарды анықтау, халық мәліметтері мен аңыздарын жазу және сирек манускрипттерді цифрлау жұмыстарын жүргізеді. Барлық ақпарат Киелі жерлердің электрондық атласы сайтының негізіне жатады және онлайн қолжетімді болады.

QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы бес бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғат ресурстары; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі уақытта Қазақстанда 11 өкілдік ашылған. QazaqGeography жобаларды Еуразиялық Топ (ERG), KAZ Minerals («Шығыстүстімет» ЖШС) демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер