BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Қазақстанда киелі мұралардың электронды атласы жасалады

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ғылыми қызметкер, Назарбаев Университетінің Тарих, философия және дінтану кафедрасының постдокторанты Ұлан Биғожин киелі мұралардың электронды атласын жасау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы мақсатта 17 мамырда алғашқы экспедиция жолға шығады. Ол Астана — Екібастұз — Қарағанды — Өскемен — Семей — Астана бағыты бойынша жүреді. Экспедиция құрамына тарихшы мамандар, антропологтар, археологтар, деректанушылар кіреді. Ұлан Биғожин айтып өткендей, түрлі құрылғылар мен дрондардың көмегімен бейнежазба түсіріледі. Сонымен қатар деректану жұмыстары жүргізіледі: жергілікті тұрғындардың арасында фольклорлық, ауызекі, этнографиялық материалдар бойынша сауалнама жасалады.

«Ғылыми жұмыс барысында біз XIX–XX ғасырдың басына, 30-шы жылдардың ортасына қатысы бар көптеген жазбаша материалдарды ұшырастырдық, олар тұрғындардың қолында, сандықтарында жатыр немесе өрт кезінде өртеніп кетіп жатыр. Бұл қазақтың ауызекі, материалдық, жазбаша тарихының ауқымды бөлігі: дәптерлер, Құрандар, хадистер, жергілікті имамдардың, молдалардың, мұғалімдер мен қоғам қайраткерлерінің жазбалары, бірнеше жылдан соң бұлар жойылып кетуі мүмкін. Егер біз материалдарды қазір жинамасақ, онда бүгінгі таңда өзекті болып отырған жаһандану мен халықтың үлкен қалаларға қоныстану процестері бұл көлемді фольклорлық-этнографиялық материалдардың жойылып кетуіне әкеледі.

Бұл атласқа дәл осы міндет кіреді. Яғни біз археологиялық және этнографиялық сараптама өткіземіз», — деп түсіндірді ғалым.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аталған атлас туристерге Еуропада немесе АҚШ-та жүрген кезде жай ғана басып, объектілердің суреттерін қарап, өздерінің туристік бағытын құруға мүміндік береді. Сонымен қатар, атлас академиктер үшін жоғары маңызға ие болады. Көптеген шетел ғалымдары Қазақстанға келе алмайды, дегенмен өз офистерінде отырып, материалдармен таныса алады.

«Бұл 12 нысанға барып, оларды картаға түсіріп қана қалдыратын жоба емес. Біз елдің көп конфессиялық, этникалық және діни алуан түрлілігін көрсететін жобаны жүзеге асырғымыз келеді. Бұл JS-деректері, фотосуреттері және т.б. бар энциклопедияның өзіндік бір түрі», — деді Ұ. Биғожин.

«Назарбаев Университетінің» өкілі Еуропада, әсіресе Швейцарияда, электронды атластар — бұл ұзақмерзімді жобалардың бірі екенін атап өтті. Сол сияқты қасиетті мұраның қазақстандық атласы да жұмыс істейтін болады. Атлас веб-сайт түрінде әзірленеді және үнемі толықтырылып отырады. 2018 жылы ғалымдар Қазақстанның шамамен 3-4 облысын қамтуды жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер