BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тілдік қорды байытады – Леонид Питаленко

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіл байлығымызды одан сайын байыта түседі. Бұл туралы Астанада өткен Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысында «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Леонид Питаленко айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақ тілінің модернизациялау және латынға көшіру тілді дамыту үшін қажет. Дамымайтын тіл уақыт өте келе жойылады. Сондықтан бұл қазақ тілін дамыту үшін маңызды. Латын әліпбиі – заманауи коммуникацияның құралы», - деді Леонид Питаленко.

Зерттеуге сәйкес, жыл сайын әлемде 40-қа жауық тіл жойылып кетеді екен.

«Зерттеушілер Еуропа мен Кіші Азия елдерінде 70-тен аса, ал АҚШ-та 100-ден аса тіл жойылып кеткенін анықтаған. Тек бір Үндістанның өзінде қазір 200-ге тарта тіл жойылып кетудің алдында тұр. Тілдің жоғалу себептері де әртүрлі. Тілдің жаңа ортаға, жағдайларға бейімделе алмауы да кері әсерін тігізеді», - деді ол.

Қоғам қайраткерінің айтуынша, қазақ тілінің латынға көшуі тілдің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, тілдік қорды молайтуға септігін тигізеді екен.

«Сонымен қатар бүгінгі таңда ақпараттық кеңістікте латын әліпбиі көш басында. Дәстүрлі жазуды қолданатын Үндістан, Қытай және Жапония сияқты елдерде де ағылшын тілі бизнес пен технологияны дамытуда ең көп пайдаланылатын тіл»,-деді ол.

Сонымен бірге қазір қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге барлық жағдай жасалған. Қоғам, мемлекет, барлық әлеуметтік топтар, жастар, бизнес өкілдері және ғылым латын әліпбиін қолданады.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Тәуелсіз Қазақстанның нығаюына, одан әрі дамуына оң әсерін тигізеді. Біз толығымен мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшуін қолдаймыз, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы оны қолданудың барлық аспектісі үшін оңтайлы», - деді Леонид Питаленко.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер