BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қарағандыда павлодарлық суретшілердің «Қасиетті жерлерге саяхат» атты көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында павлодарлық суретшілердің Павлодар облысындағы маңызы бар қасиетті жерлер бойынша пленэрлік жұмыстар көрмесі ашылды. Пленэр «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмеге 40 кескіндеме туындылары қойылған. Оларда табиғи-ландшафтық объектілер, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше қорғауға алынған діни мағыналы объектілер, тарихи қайраткерлер және нақты саяси оқиғалармен байланысты киелі жерлер бейнеленген.

«Көрме патриотизмге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, рухани құндылықты нығайту, Павлодар облысындағы туристік кластерді дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, еліміздің тарихын жандандыруға, дәріптеуге, көрікті жерлердің географиясын ауқымды нығайтуға бағытталған», - дейді көрмені ұйымдастырушылар.

«Қасиетті жерлерге саяхат» көрмесі Бейнелеу өнері мұражайында 19 қазанға дейін жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер