BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.88 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.41 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.65
Астана:

Голливуд жұлдыздары Шығыс Қазақстандағы киелі жерлерді аралайды

Голливуд жұлдыздары Кэри Тагава, Марк Дакаскос, Бай Линг, Майкл Мэдсон «National Geograghic» және «BBC» телеарналарында көрсетіледі деп жоспарланған деректі фильмнің түсірілімі үшін Шығыс Қазақстан облысына барды. Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Танымал жұлдыздарды ШҚО әкімі Даниал Ахметов қарсы алып, өлкенің ерекшелігі мен көрікті жерлері туралы айтты.

«Шығыс Қазақстан – еліміздің бірегей өнеркәсібі бар индустриялды орталығы. Бағдарлама аясында сіздер біздің тарихи, киелі жерлерімізді, соның ішінде Семей ядролық сынақ полигонын көресіздер. Облысымыздың 4 ауданына барып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысасыздар. Елге жақсы әсермен ораласыздар деген ойдамын», - деді Даниал Ахметов.

Жоба продюсері Арман Арсеновтің ойынша, цифрландыру дәуірінде осындай танымал тұлғаларды шақыру арқылы Қазақстанға деген қызығушылықты арттыру керек.

«Мысалы, олардың әлеуметтік желіге жазған бір жазбасы 60 миллионнан артық лүпіл жинайды», - деді ол актриса Бай Лингті мысалға келтіріп.

Продюсердің айтуынша, өлкенің тарихын баяндайтын фильм 15 минуттық 4 бөлімнен тұрады.

«Мортал Комбат», «47 ронинов» және басқа да фильмдер арқылы танымал америкалық актер, түп негізі жапон болып келетін Кэри Тагава біздің елге келгенде өзін үйінде жүргендей сезінетінін, себебі жапондар мен қазақтардың генетикалық коды бір екенін, сондай-ақ өзінің Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндігін айтты.

Голливудтық делегация ШҚО-да 4 күн болып, Күршім, Абай, Зайсан және басқа да аудандар мен өңірдің киелі, тарихи жерлеріне барады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер