BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326.52 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.26
Астана:

Ғалым латын әліпбиін жазып үйренуде асығыстық танытпау керектігін айтты

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Әлімхан Жүнісбеков латын әліпбиінің емле ережесі дайын болғанша аталған әліпбимен жазып үйренуде асығыстық танытпау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Латын әліпбиінің емле ережесі дайындалып жатыр. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан біз көпшілікке латын әліпбиін жазып үйренуде асығыстық танытпау керектігін айтып жатырмыз. Латын қарпін пайдаланып, маңдайшаларды өзгертудің қажеті жоқ. Ол жұмыстар емле ережелері дайындалған соң жүргізілуі шарт. Көшеде келе жатсаңыз, латын қарпімен жазылған маңдайшаларды көресіз. Жақында латын әліпбиінің соңғы нұсқасы шықты. Онымен жазып жатқан азаматтар да бар шығар. Сондықтан біздің халыққа айтарымыз, осындай асығыс шаруадан аулақ болу керек», - деді ғалым.

Оның айтуынша, латын әліпбиінің емле ережесі 2018 жылдың аяғында дайын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер