BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Елбасының жеке өзіне латын әліпбиіне қатысты 300-ден астам хат келген

Бүгін Астанада 9 қазан күні Елбасыға таныстырылған латын графикасындағы қазақ әліпбиінің нұсқасы жайлы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Елбасыға таныстырылған нұсқаны 5 ғалым жасадық. Президентке әрбір әріптің не себепті осылай жасалғанын түсіндірдік. А-дан бастап, барлық 32 әріппен Елбасы өзі жеке-жеке танысып шықты. Содан кейін алдағы уақытта басқа нұсқа болса, жекелеген таңбаларға қатысты мамандардың пікірі, ұсыныстары болатын болса, оны да қарап, пысықтауға уақыт бар екенін ескертті. "Халықтың пікірін толықтай қараңыздар деді» - дейді арнайы құрылған жұмыс тобының мүшесі, Ш.Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру орталығының директоры Ербол Тілешов.

Оның айтуына қарағанда алғашқы нұсқадан кейін Елбасының өзіне жеке хат жазып, өз ұсыныстарын айтқандар саны артқан.

«Латын әліпбиіне қатысты жеке Елбасының атына 300-ден астам хат түскен. Оның сыртында 1,5 млн адам талқылауға қатысты. 20 мыңнан астам әр түрлі ұсыныс-пікірлер келіп түскен. Соның барлығына сараптама жасап, талдау жүргізіп, үш топқа бөліп қарастырдық. Біріншісі – жалпы тілге байланысты, екіншісі – жекелеген дыбыстарға байланысты, үшіншісі – жалпы әлпбиді енгізуге қатысты» - дейді тіл маманы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер