BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Ел спортшылары латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша еліміздің латын әліпбиіне өту бастамасына Олимпиада чемпиондары, спорт қайраткерлері, спорттық мекеме ұжымдары да қолдау білдіруде. Бұған Елбасының атына келіп-түсіп жатқан хаттар дәлел бола алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

XXXI жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл барлық қазақстандық спортшылардың атынан Елбасыға ел спортын дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін зор алғысын білдірді.

«Ағымдағы жылдың сәуір айында шыққан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Сіздің мақалаңызды мұқият оқып, одан алған шексіз қуанышымды сөзбен жеткізе алмаспын. Осы мақалада қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы бастама бірден көңілімнен шықты. Мұндай қадам қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар бүгінгі заманға сай дамуымызға игі ықпал ететіні күмәнсіз. Осы бағыттағы Сіздің салиқалы саясатыңыздың нәтижесінде Қазақстан азаматтарын тек жарқын болашақ күтіп тұрғанын сеніммен айта аламын»,- делінген Олимпиада жеңімпазының хатында.

Қазақ тілі әліпбиінің кирилл қарпінен латын қарпіне ауысуын қолдаған ұжымдардың қатарында «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК, «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК, «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК және т.б. бар.

«Қазақ тілін жаңғырту қажеттілігі оның барлық әлеуетін тек коммуникация құралы ретінде ғана ашып қоймай, ұлттық сәйкестікті нығайту, ұлттық жанданудың қуатты факторы ретінде танытуда. Әліпбидің реформасы тарихи алғышарттарға негізделген. Ол Қазақстанның жаһандық бәсекелестігін жоғарылатуға, әлемнің ғылыми-танымдық, технологиялық және коммуникациялық кеңістігіне қарқынды бірігуге бағытталған», - деген ұстанымын білдіріпті хат жолдаушылар.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Айбек Тюмтеев өз хатында: «Латын әліпбиіне көшуді бірауыздан қолдаймыз. Біріншіден, бұл жастарымыздың болашақта дамуына үлкен септігін тигізеді. Бұл біздің қоғамның әлемдегі ең дамыған ғылымға, әдебиетке жақындауына зор ықпалын тигізеді. Латын қарпіне көшу сондай-ақ түркі халықтарымен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен септігін тигізеді», - деп жазады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер