BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Бақытжан Ертаев: Латын әліпбиіне өтуі – еліміздің дамуы үшін дер кезінде жасалған қадам

Астанада өткен Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы отырысында ҚР Парламент депутаты Бақытжан Ертаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бәріміз білетіндей, 2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи мәлімдеме жасады. Енді мемлекеттік тілімізді орасан зор реформа күтіп тұр, ол – латын қарпіне көшу. Ардагерлер ұйымдары әрқашан еліміздегі басты қоғамдық маңызды оқиғалардың алдыңғы қатарында болды. Біз Отанға деген махаббатымызды талай рет дәлелдегенбіз. Және осы сәтте, біз – қарулы күштердің ардагерлері еш күмәнданбай Елбасының осы шешімін де қолдаймыз. Өйткені, мен, әскери адам ретінде, жеңістің үш тұғыры бар екенін білемін. Олар: нақты стратегия, жеңіске деген сенім және, міндетті түрде, адал әскер» - деді Бақытжан Ертаев.

Оның айтуына қарағанда еліміздің латын әліпбиіне өтуі дер кезінде жасалған қадам.

«Өз елімнің азаматы ретінде қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі – еліміздің дамуы үшін дер кезінде жасалған қадам деп білемін. Бұл біздің елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырумен қатар, әлем алдындағы ашықтығымызды дәлелдейді. Бұндай тағдыршешті мәселені асықпай, ақылмен басқара отырып, уақытты тиімді пайдаланып шешу керек. Және біздің бұл қадамымызды бүгінгі жас ұрпақтың жалғастырып жатқаны қуантарлық жағдай» - дейді депутат.

Сонымен қатар Халық қаһарманы еліміздің ұрпақ тәрбиесіндегі мақсаттарымыз туралы айтты.

«Біздің ортақ мақсатымыз - ұлтжанды жастарды тәрбиелеу, Тәуелсіз Қазақстанның патриот жастарының арасында азаматтық ұстанымды нығайту! Біздің ұрпақтың еліміздің болашағы үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін ерекше екпінмен араласуы маңызды. Бұл олардың ертеңіне, отбасының болашағына және Отанымыздың гүлденуіне тікелей қатысты» - дейді Ауған соғысының ардагері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер