BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Бақытты отбасы формуласы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Бақытты отбасы формуласы» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шараны Отбасы күніне орай Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

Эссе байқауына 26 жұмыс келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен «Балам – болашағым» номинациясында мемлекеттік қызметкер Сәулет Айтқалиева, «Біздің отбасылық дәстүр» номинациясында №48 мектептің мұғалімі Салтанат Сәрсенбаева, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» номинациясында ЕҰУ студенті Адинай Талғатқызы, «Отбасылық құндылықтар» номинациясында Астана медицина университетінің студенті Ақерке Тәуіржанова, «Халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесіндегі орны» аталымында тарихшы Әсел Мұсаева жеңіске жетті.

Айта кетейік, шараның мақсаты – «Рухани жаңғыру» идеясы аясында өнегелі әулеттердің дәстүрін насихаттау және Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру саясатына қолдау көрсету.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер