BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ауылды көркейтуге арналған Жол картасы әзірленеді

Фото: Нұр Отан партиясының баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына «Ауылым – алтын бесігім» атты жаңа бағыт енгізіліп, Жол картасы әзірленеді. Бұл туралы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында мәлімдеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын Мемлекет басшысы жариялаған болатын. Бағдарламаның басты миссиялары ретінде Қоғамдық сананың жаңғыруы белгіленген. Аталмыш миссияны бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культы, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сананың ашықтығы бағыттары арқылы іске асыру бекітілген. Жаңа бастама бойынша, бағдарламаның жетінші бағыты - «Ауылым – алтын бесігім» деген бағыт енгізілейін деп отыр. Осы бағыттың ең басты жүргізушісі де, Үкіметпен бірге жүзеге асырушысы да – «Нұр Отан» партиясы бола ала алады сенімдемін. Бәріміз де ауылдан шыққаннан кейін ол жақтағы проблемалардың бәрін білеміз. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауылым – алтын бесігім» бағытына байланысты көптеген шараларды дайындап жатыр. Сондықтан, осы «Ауылым – алтын бесігім» бойынша арнайы жол картасы болады. Сол картаны партияның өзі қадағалап, жұмыс істеуге толық мүмкіндігі бар», - деді Дархан Калетаев.

Еске сала кетсек, Астанада Конгрес-орталықта «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өтіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер