BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Атырау облысында бәйгеге екі көлік пен мотоцикл тігілді

Атырау облысында Жылыой ауданының 90 жылдығын мерекелеу басталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Киелі мекен - Кең Жылыой» бағдарламасы аясында бірқатар мәдени шара жоспарланды. 28 қыркүйекте мерекелік шаралар республикалық айтыспен басталды, оның жүргізушісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман болды. Айтысқа Қазақстанның барлық өңірінен 14 акын қатысты.

Бүгін сағат 10.00-де орталық алаңда «Sarmаd» этно-фольклорлық ансамблінің, Атырау облыстық филармониясының оркестрінің және Жылыой ауданының әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.

Сағат 15.00-де «Бәйге» алаңында ұлттық ойындар мен спорт жарыстары өткізіледі, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ақшалай жүлделер дайындады. Осылайша, қазақ күресіне 1 орынға- 500 мың теңге, 2 орынға - 300 мың теңге, 3 орынға - 100 мың теңге.

Жеңіл салмақта (32 кг) 1 орын үшін - 50 мың теңге, 2 орынға - 30 мың, ал 3 орынға - 20 мың теңге.

Армрестлинг бойынша жарыстардың жеңімпаздары бірінші орынға 50 мың теңге, екінші орын үшін 30 мың және үшінші орын үшін 20 мың теңге алады.

Аламан Бәйге жарыстарының жеңімпазы сыйлыққа «Nissan Terrano» жаңа көлігіне ие болады, екінші орын иеленген шабандозға мотоцикл, ал үшінші орынға 300 мың теңге берілетін болады.

”Жоғарғы бәйгенің” қатысушыларына, бірінші орын иегеріне “Нива” автокөлігі, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге берілетін болады.

18.00-де мерекелік кеш Құлсары қаласының орталық стадионында гала-концертпен аяқталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер