BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Астаналықтар алғаш рет латын графикасында жаппай диктант жазады

Астана, BAQ.KZ. Елордалықтар 14 қараша күні алғаш рет латын графикасында жаппай диктант жазады.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасынының» (бұдан әрі – Емле ережесі жобасы) практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жалпыхалықтық диктант өткізу туралы ұсыныс түскен болатын.

Осыған орай Астана қаласында 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің оқушыларығ студенттері, ұстаздары, сонымен қатар мәдениет, спорт, медицина, коммуналдық шаруашылық, энергетика және басқа да салалардың қызметкерлері жаппай диктант жазатын болады. Диктант латын графикасында жазылады. Шараға 15 жастан жоғары барлық азамат қатысады. Жалпыхалықтық диктантқа Астана қаласынан 50 000 адам қатыстыру жоспарланған. Диктант бір күнде, бір мезетте (бір уақытта) жазылады. Қазіргі уақытта диктант жазу туралы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде және дидактикалық материалдар (Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі, арнайы парақтар) таратылуда.

Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы таратылады және «Шалқар», «Қазақ» радиоларынан беріледі. Ұзақтығы 30 минутқа созылады. Диктант жазу арнайы белгіленген орындарда жүргізіледі..

Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар үшін диктантты негізгі ұйымдастырушылар берген emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жазуға мүмкіндік жасалынған. Бұндай тұлғалар диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы tilalemi.kz@gmail.com электрондық поштасына жолдауы қажет. Сондай-ақ диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалайды.

Жалпыхалықтық диктантты Астана қаласында ұйымдастырушы: Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы. Байланыс нөмірі: 55- 67- 26, 55-67-28 , 87750940584


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер