BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 401.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.45
Астана:

Астанада Сингапур мектебі салынады

Фото: liter.kz

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі elorda.info сайтына сілтеме жасап.

«Бізге тиісті инвесторлар өтінім келіп түсті. Мектеп 1500 оқушыға арналып салынбақ. Ол мектеп Сингапур моделі бойынша салынып, бастауыш, орта және бітіруші сыныптарға арналған үш бөліктен тұрады. Балалар мектеп аумағындағы кампуста тұрады деп жоспарналуда», - деді «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Оның айтуынша, мектеп техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталады. Сондай-ақ оқушыларды шетелдік ұстаздар оқытатын болады. Әзірге Сингапур мектебі жобасының құны мен инвесторы туралы ақпарат айтылған жоқ.

«Аталған жоба ӘӘК стратегиясына жақсы келеді деп ойлаймыз: бір жағынан әлеуметтік, ал екінші жағынан білім беру саласына үздік халықаралық тәжірибені тарту болып табылады. Қаладағы білім беру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде іске асыратын боламыз», - деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер